Новости

Түркі мемлекеттері ұйымы жанынан Логистикалық орталықтар мен жүк тасымалдаушылар альянсы құрылды

Ташкентте Логистикалық орталықтар мен жүк тасымалдаушылар альянсын құру бойынша салтанатты іс-шара өтті деп хабарлайды Өзбекстан Көлік министрлігі. Альянс Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердегі жүк және логистикалық орталықтардың дамуына жәрдемдесу үшін құрылған.

Альянс логистика, кеме қатынасы, инженерия және кеңес беру қызметтері саласында жұмыс істейтін заңды және жеке тұлғаларды біріктіреді. Оның негізгі мақсаты - түркі елдеріндегі логистикалық орталықтар, жүк жөнелтушілер мен порттар арасындағы ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ инновациялық шешімдер арқылы өңірдің көліктік-логистикалық әлеуетін арттыру.

Дереккөз: https://rail-news.kz/ru/cargo-transportation/17894-organizaciia-tiurkskix-gosudarstv-sozdala-alians-logisticeskix-centrov-i-gruzoperevozcikov.html

Photo by snox_mc on Unsplash
2024-07-01 16:59