Новости

ҚТЖ желісі бойынша тасымалдау 2024 жылғы қаңтар-мамырда 2,5%-ға өсті

2024 жылғы қаңтар-мамырда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ желісі бойынша 102,4 миллион тонна жүк тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5%-ға артық. Ішкі тасымалдау 68,2 миллион тоннаны құрады, ал экспортқа 34,2 миллион тоннадан астам жөнелтілді.

Тас көмір тиеу көлемі 40,6 миллион тоннаға жетті, оның 30,3 миллион тоннасы ел ішінде тасымалданды. Сондай-ақбес айдың ішінде 3,7 миллион тонна астық тасымалданып, қара және түсті металдар, темір кені және марганец тасымалдау көлемі айтарлықтай өсті.

Мұнай жүктерін экспорттық жеткізу - 9,5%, химиялық тыңайтқыштар — 12%, құрылыс материалдары 9% ұлғайды. Республикада қара және түсті металдарды, сондай-ақ астық пен басқа да негізгі жүктерді тасымалдаудың өсуі байқалады.

Дереккөз: https://rail-news.kz/ru/cargo-transportation/17767-bolee-102-mln-tonn-gruzov-perevezli-zeleznodoroznym-transportom-za-piat-mesiacev.html