Қазақстан Үкіметі «тар жерлерді» жою және Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту үшін жол картасын бекітті. Жоспарды іске асыру Қазақстан, Әзірбайжан, Түркия және Грузия арасындағы дәліздің өткізу қабілетін 2027 жылға қарай жылына 10 миллион тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
Маршруттың бүкіл бойында бірыңғай мультимодальды сервис, сондай-ақ Қазақстан, Әзірбайжан және Грузия т/ж әкімшілігін қамтитын Middle Corridor Multimodal бірлескен кәсіпорны құрылды. Қазақстан мен Әзірбайжан темір жолдарының ақпараттық жүйелері Tez Customs платформасына біріктірілген, ал Грузия темір жолдарымен осындай жұмыстар жоспарлануда.
«Қытай-Қазақстан Сауда-логистикалық компаниясы» бірлескен кәсіпорны аясында Сиань қаласының құрғақ портында жүк терминалы салынды, ол қазірдің өзінде Қазақстан бағытындағы барлық контейнерлік пойыздардың 40% шоғырландырады.
Дереккөз:https://logistan.info/1322-kazahstan-investiruet-v-razvitie-srednego-koridora/
Photo by Mike Enerio on Unsplash